Павлодар облыстық сотында фемида қызметкерлерінің жалақысы туралы айтты
Сот отырысы кезіндегі байланысқа қатысты техникалық ақаулар үйреншікті жағдай. Қазір жиындардың барлығы WhatsApp, Zoom, Skype арқылы өтуде. Кей сәтте, судьялар жауап беруші жақтың ғаламторы дұрыс қосылғандығын күтіп отыруға мәжбүр. Оған да үйренді.
- Істер қашытықтан қаралады, тек қажетті құжаттарды, дәлелдерді ұсыну бойынша қиындықтар бар. Ал азаматтық істерге келсек, көбісі үшін онлайн жұмыс керісінше ыңғайлы. Сотқа келіп қажет емес, - дейді облыстық сотта.
Облыстық сотта қызметкерлердің жалақысы жайлы да айтып өтті. Қазіргі таңда аудандардағы ыңбекақы 400-500 мың теңгеге жетсе, облыстық Фемида өкілдеріндегі жұмыс ақысы 600-700 мың теңгеге дейін жетеді.
- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, судьялардың жалақысы едәуір арта түскен еді. Жалпы барлық деңгейдегі судьялардың еңбек ақысы 70%-ға өсті. Негізі, градация байқалады, ауылдарда, қалаларда деген жүктеме әртүрлі, - деді облыстық сотта.
Айту керек, судьяның негізгі айлығына пайыздық үстеме де қосылады. Бұл қызметкердің заңгерлік саладағы жұмыс өтіліне байланысты артады.

