• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 25-ші ақпанындағы қаулысына өзгертулер мен түзетулер енгізілді

Павлодар облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 25-ші ақпанындағы қаулысына өзгертулер мен түзетулер енгізілді

Ең алдымен, өзгертулер мектепке дейінгі мекемелер жұмысына қатысты. Наурыздың 15-нен бастап, кезекші топтарға барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра 25 балаға дейін қабылдауға рұқсат беріледі.

 

Екіншіден, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 300 оқушыға дейінгі қамтылған ауылдық және қалалық мектептерде дәстүрлі білім беру үлгісіне ауысу, ал 15 баладан аспайтын көлемде кезекші сыныптарға келіп жүргендерге оның ішінде 5-сыныпты қоса алғанда бала санын 25-ке дейін арттыруға рұқсат беріледі. Сонымен қатар мектепті аяқтайтын сыныптарға (9, 11, (12) аптасына 6 күн аралас үлгіде, яғни пәндердің 70 пайызы дәстүрлі, 30 пайызын қашықтықтан оқыту үлігсіне ауыстырылады. Ал сыныптағы балалар саны 15-тен аспауы тиіс. Бұл тарапта бір сынып-бір оқушы талабы сақталуы керек. Одан бөлек сабақтан тыс уақытта 15 оқушыдан аспайтын жеке сабақтарға арналған топтар құруға білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімімен рұқсат беріледі.

 

Келесі өзгеріс сауна, монша және СПА-орталықтардың жұмысына қатысты. Моншаларға бір адамға 4 шаршы метр өлшемімен келушілерді сағат 8:00-24:00 аралығында санитарлық талаптарды сақтай отыра қабылдауға рұқсат беріледі. Жексенбі – демалыс. Бұл талаптар СПА-орталықтарға да қатысты.

 

Бассейндерге да судың бір адамға 5 шаршы метрлік ауданын қамту талаптарына сай көлемде қабылдауға рұқсат.