• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Павлодар облысы бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Аймағымызда коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны күрт артты. Өткен тәулікте 146 адамнан індет анықталған. Сол себепті карантин шаралары қатаңдатылды. Бұл ретте облыс аралық, облыс ішіндегі және қалааралық тасымал тоқтатылады. Тек Павлодардан Ақсу, Заңғар және Кемеңгер ауылдарына қоғамдық көлікке рұқсат етілген. Кәсіпорындарда қызметкерлердің 80 пайызын қашықтықтан жұмыс істеуге көшірмек.

 

- Сауда ойын-сауық, сауда желілерінің жұмысы сенбі, жексенбі күндері тоқтатылады. Жұмыс күндері жұмыс уақытты 22,00-ге шектетіліп отыр. Қоғамдық тамақтану нысандары 09.00-ден бастап 20,00-ге дейін және жеткізщу, алып кету режимі 22.00-ге дейін толымдылығы 50 пайыз, адам санын 30-дан асырмай және «Ashyg» жобасына қатысатын объектілерге бұл қоспағанда, - деді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Ғизат Әбешев.

 

Демалыс күндері азық-түлік базарлары, театр, кинотеатр, мәдениет және діни орталықтар, сауна, бассейн, монша, фитнес орталықтары жабық болады. Ал бала саны 300-ден асып кететін мектептердегі 6-7-8-10 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға көшеді. Жоғары сыныптар үшін сабақтың 30% үйде өтеді. Балабақшаларда 15 балаға дейінгі кезекші топтар ғана жұмыс істейді.  Жаңа қаулы мамырдың 3-нен күшіне енеді.