• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы басқармаларының бірі басшысын өз әріптестері алдында соттады

Павлодар облысы басқармаларының бірі басшысын өз әріптестері алдында соттады

Іс материалдарынан белгілісі басқарма басшысының орынбасары алғашқы параны 2020 жылдың күзінде алған. Оған 340 мың теңгені мүгедектерді санаторий-курорттық емдеу қызметін көрсету үшін тендерге сыйақы ретінде берген. Кейін қарттар үйінен 100 мың теңге талап еткен. Онда бюджетте үнемдеп, шенеунікке сыйақыны жұмыскерлерге таратуды сұраған. Алайда ол өзін де құр қалдырмауды шешкен. Сонымен қатар салғырттық дерегі де бар. Басқарма 23 миллион теңгеге нәжіс қабылдағышқа тапсырыс берген. Алайда ол жеткізілмеген. Ал Алтыбаева еш ойланбастан актіге қол қоя салған.

- Қылмыстық заң бұзушылықтарды біріктіре отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылсын, - деді судья.

Үкімді сабақ болсын деген ниетпен айыпталуышының әріптестері алдында оқыды. Айта кету керек, сонымен бірге кәсіпкерді де 1,5 жылға соттады. Ол шенеунікке ноутбуктар сатып алу бойынша конкурста жеңу үшін 14,5 миллион теңге ұсынған. Ал ол бас тарта алмапты. Бұл ретте 2,5 миллион теңге пара беру дерегін дәлелдеу мүмкін болды.  

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы