• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы бойынша 45 нысан жаңа оқу жылына дайын емес

Павлодар облысы бойынша 45 нысан жаңа оқу жылына дайын емес

Биыл аймақта 255 білім беру мекемесі өрт қауіпсіздігі бойынша тексерістен өтті. Нәтижесінде 1800-ден астам бұзушылық анықталып, оны жою мерзімімен ұйғарым берілді.

- Өрт қауіпсіздігі талаптарының ең негізгі бұзушылықтары - мекеме жертөлесінде жанғыш материалды сақтау, электр желілерінің ақауы, ауылды елді мекендерді мектептің ағаш шатырларының өңделмеуі болып табылады, - деді Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Алексей Двинянин.

Қайта тексеру нәтижесінде 45 нысан бойынша бұзушылықтар жойылмағаны анықталды. Әкімшілік шара қолдану үшін іс сотқа жіберіліп, оларға 11 миллион 843 мың теңгеге айыппұл салынды. Маманның айтуынша аталған мекемелерге қыркүйектің соңында тағы бір бақылау жүргізеді. Олқылықтар жойылмаған жағдайда нысанның қызметін тоқтату мәселесі қарастырылатын болады.