• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы бойынша ауыл әкімдерін сайлауға адамдар белсенді қатысты

Павлодар облысы бойынша ауыл әкімдерін сайлауға адамдар белсенді қатысты

Павлодар облысындағы екі ауыл мен 42 ауылдық округтің әкімдерін сайлау бойынша 140  комиссия қызмет етті. Оның 14-і - аумақтық, 126-сы - учаскелік.  Ол жерде 146 сенімді тұлға бақылау жүргізген. Кейін облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мәлім еткендей, жалпы өңірімізде дауыс беруге келгендердің үлесі 76,9 пайызды құрады. Бұл – 40628 адам. Енді 3 күн ішінде сайлау қорытындысы шығарылып, жарияланады. Жеті күнде аумақтық комиссия сайланған әкімді тіркеп, кейін ол өз өкілеттігіне кіріседі. Мерзімі – 4 жыл. Айту керек, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауы тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет өтті.

 

Авторы: Дархан Бекишев