Павлодар облысы бойынша балық аулауға шектеу қойылды

Сол себепті осы аптадан қармаққа балық аулауды ермекке айналдырған өңір тұрғындары жазға дейін үзіліске аттанады.

 

- Сәуірдің 15-нен бастап Павлодар облысындағы барша барлық су қоймаларында балық аулауға тиым салынады. Шектеу 30 мамырға дейін жалғасын табады, - деді Зайсан-Ертісоблысаралық балық шаруашылығыинспекциясы басшысының орынбасарыНұржанҚастай.

 

 

Ал балық ұстап, тіпті ауға аулайтындар үшін 10 АЕК басталатын айыппұлдар қарастырылған. Бұдан бөлек, өңірімізде көктемгі аң аулау маусымының мерзімі бекітілді. 24 сәуір пен 8 мамыр аралығында аңшылар үйрек пен құрдың қоразын ғана аулай алады.

 

- Қазақстанда 4 жылдан астам уақыт бойы көктемгі аң аулауға тиым салынған еді. Бұл асау үйректердің саны күрт төмендеуіне байланысты. Қазір олардың өсімі 9% құрады. Енді аңшылық қолжетімді болады, - деді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі ОАИ бөлімінің басшысы Арман Мұқатаев.

 

Қазіргі таңда өңіріміздегі мергендер өз шеберлігін рұқсат етілген 32 аңшылық шаруашылықтарда таныта алады. Бұл ретте, асау үйректерді ату үшін, бұрынғыдай орманшы, қорықшылардың қасында болуы міндет емес.