• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы бойынша инфекциялық госпитальдерде тамыз айында 111 адам көз жұмған

Павлодар облысы бойынша инфекциялық госпитальдерде тамыз айында 111 адам көз жұмған

Қазіргі таңда тұрғындар вакцинаның үш түрін салдыра алады. Ол “Спутник-V”,  «QazVac” және қытайлық «Синафарм». Ол үшін әдеттегідей емханаларға, сауда үйлеріндегі және қала көшелеріндегі медициналық кешендерге жүгінуге болады. Айта кету керек тұрғындардың тек 27 пайызы екі компонентті алған. Айта кету керек, екпенің тиімділігі екінші компоннентті алғаннан кейін тек елу күннен соң пайда болады.Тамыз айында 111 адам коронавирустан көз жұмған. Дәрігерлер олардың ешқайсысы вакцина алмаған деді.  

- Жаңа дельта штамм өте қатерлі. Асқыну тез орын алады. Адамдар өзі үйде емделіп, стационарға кеш жүгінеді. Үйде дәрі ішіп бір аптаға дейін жатып алады. Тіпті мобильді топты да, жедел жәрдемді де шақырмайды, - дедіПавлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.

Қазір жұқпалы індеттер ауруханасында қазіргі таңда 1423 адам ел алып жатыр. 109 адам жан сақтау бөлімінде. Тәулігіне 130-140 адам түседі екен. Бір апта бұрын бұл сан 200-ді құраған. Ал бас санитарлық дәрігер жақында жаңа қаулы болатынын айтты. Ол бойынша қоғамдық көлік сенбі күні жүреді.