Павлодар облысы бойынша жұмыссыздар саны төмен

Жалпы өңірімізде 383,9 мың тұрғын еңбекпен қамтылған. Соның ішінде 84,6%-ы, яғни 324,8 мың адам - жалдамалы қызметкерлер, 23,4 мыңы (6,1%) – жеке кәсіпкерлер, 35,8 мың (9,3%) тәуелсіз жұмыскерлер. Қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 217,5 мың теңге. Соңғы есептеулер бойынша өңіріміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады. Бұл ретте, 49,5% ерлер,  50,5% әйел затына тиесілі. Жұмыссыз жастар азайған. Қазіргі таңда олар жалпы есептің 10,6%-ын алады. 

 

Авторы: Дархан Бекишев