Павлодар облысы бойынша қарттар күніне орай кім, қанша алады?
Биыл қарттар күні қарсаңында әлеуметтік көмек ең төменгі зейнетақы мөлшерін және одан да аз алатын зейнеткерлерге көрсетіледі. Еске салайын, ол 43272 мың теңгені құрайды. Облыс бойынша 32,6 миллион теңгеге 9000 астам адамды қамтымақ.
- Ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге бір реттік әлеуметтік төлем 1,2 АЕК көлемінде бекітіледі. Бұл 3500 теңге. 80 жастан асқан зейнеткерлерге 2,9 АЕК көлемінде 8459 теңге төленеді, - дейді Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс бойынша бөлімінің басшысы Зоя Морозова.
Бұдан бөлек қыркүйектің 15-і «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы басталып, бір ай жалғасады. Оның аясында жалғызбасты мұқтаж зейнеткерлерге де көмек көрсетіледі.
Қазіргі таңда айлық аясында демеушілердің көмегімен 32 миллион теңгеге 2600 азаматқа көмек көрсетілді. Ал қол ұшын созамын деген жомарт жандар мұқтаждардың тізімін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен ала алады.
Авторы: Арнагүл Исабекова