• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы бойынша қазір 130 бала коронавирустан ем алуда

Павлодар облысы бойынша қазір 130 бала коронавирустан ем алуда

Қазірдің өзінде күніне 15 балаға дейін ауруханаға түседі дейді дәрігерлер. Абырой болғанда ауыр халде жатқандар жоқ. Негізі балаларда коронавирустық инфекция жеңіл және орташа жеңіл өтеді. Шамамен 10 күн емдейді. Симптомдары әртүрлі.

 

- Ол вирустық инфекция түрінде болуы мүмкін, яғни жөтел, мұрынның бітелуі. Дене қызуы түспей жоғары болып тұрады. Екі-үш күн температурасы 39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Әлсіздік пайда болып, тамаққа мүлдем тәбеті болмайды. Бұл белгілердің нәтижесінде баладан коронавирустық инфекция анықталып жатады, - дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының инфекциялық стационар директорының орынбасары Зере Садакова.

 

 

Мұндай симптомдар пайда болған жағдайда бірден ауруханаға жүгінген жөн. Сонымен бірге іші ауырып, іш өту белгілерімен жағдайлар да кездеседі дейді дәрігерлер. Қазіргі таңда облыстық инфекциялық балалар ауруханасында 78 бала ем алуда. Бұл пандемия кезіндегі ең жоғары цифр дейді ақ халаттылар. Ал облыс бойынша коронавирус жұқтырған 130-ға жуық бала  дәрігерлердің бақылауында.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы