Павлодар облысы БЖЗҚ жинақтарын алған көшбасшылар қатарында
«БЖЗҚ» павлодар филиалында жұмыс қызу жүріп жатыр. Қазақстан бойынша сатып алынған тұрғын үйлер саны өскен. Көбіне Маңғыстау облысында. Өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп мәміле тіркелген. Көшбасшылардың қатарында мегаполистер мен біздің өңір де бар.
- Тұрғындардан келіп түскен электрондық өтінімдердің жалпы саны - 12001. Оның барлығы қарастырылып, 8500-і мақұлданды. Біздің тұрғындарымыздың арнайы есепшоттарына 22,5 миллиард теңге көлемінде зейнетақы жинақтары төленді, - деді «БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары Нұржамал Дүйсембаева.
Екінші бағыт – бұл медициналық емделу. «БЖЗҚ» біздің өңір тұрғындарынан төрт мыңға жуық өтініш түскен. Шамамен 300-і мақұлданды. Өтінім берушілердің есебіне зейнетақы жинақтарынан 277 миллион теңге төленді. Процедура қиын емес дейді сарапшылар.
- Жолдама алу үшін медициналық мекемеге жүгіну қажет. Сіздің емдеуші дәрігеріңіз диагнозыңыз бен ауруыңыз бекітілген тізімге жатады ма соны анықтайды. Әрбір медициналық мекемеде анықтама беретін комиссия бар. Сол қорытынды негізінде зейнетақы жинақтарын шешу құқығына ие болуға болады, - деді Нұржамал Дүйсембаева.
Павлодарлықтар көбіне жылжымайтын мүлікті көп пәтерлі үйлерден сатып алуды жөн санайды. Мұндай тенденция жалпы мемлекет бойынша да байқалады. Наурыз айында мыңнан астам пәтер сатылып, сатып алынды. Ал жер үйлердің сауда көрсеткіші әлдеқайда төмен. Барлығы - 253 мәміле.

