• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы білім беру саласында жемқорлық тәуекелі жоғары

Павлодар облысы білім беру саласында жемқорлық тәуекелі жоғары

 

 

Бұл туралы өңірлік ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мәлім етті деп хабарлайды irbistv.kz

тілшісі.

 

Облыстық қазынашылық департаментінде мемлекеттік бюджетті игеруге қатысты ведомство өкілдері бас қосып, қаражатты нысаналы мақсаты бойынша қолдануға не кедергі бар екендігін талқылады. Арнайы семинарда бюджетті мақсатқа сай игеруде басты проблема сыбайлас жемқорлық екені сөз болды. Әр салада тәуекелдер, айла схемалары жетерлік дейді аудит мамандары.

 

- Еңбек төлемдері қорынан бюджеттік қаражатты жымқыру, мүлдем болмаған жандарды жұмысқа алу, құрылыс саласында бюджетті игермеу, яғнижасалмаған жұмыс үшін актілерге қол қою жағдайлары анықталуда. Сонымен қатар, жобалық-сметалық құжаттаманы сапасыз орындау белең алуда. Бұл құжаттаманы қайта жасауға, қымбаттаған бағамен жұмыс істеуге әкеледі,-деді Павлодар облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Оспан Омаров.

 

Білім беру саласындағы жемқорлық тәукелдері артқандықтан қазынашылық департаменті аудит мамандарына күн сайын төлемдер мен жалақыны тексеру бойынша ақпарат ұсынып, бюджетті жоспарлау кезіндегі мониторинг те қолға алынады. Жаңа талап келер жылы іске қосылады деп күтілуде дейді мамандар.

 

Фото: Freepik.com