Павлодар облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймақта

Павлодардың бас санитарлық дәрігері эпиджағдайдың ушығуына жаңа жылдық ұзақ демалыстар себеп болды деп болжайды. Енді қоғамдық орындарда тек жасыл статусы барлар жүре алады.

- ҚР бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ірі сауда орталықтары, азық-түліктік емес сауда желілері, сауда үйлеріне жұмыс және демалыс күндері тек қауіпсіз жасыл статустағы адамдар кіре алады, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

Айта кету керек қазіргі таңда елімізде жаңа «омикрон» штамы таралуда. Әзірге біздің өңірде ол анықталмады. Ал денсаулық сақтау басқармасында 2021 жылы коронавирус індетінен 632 адам көз жұмғанын хабарлады.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы