• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасарын әдеп кеңесі жұмыстан шығаруға кеңес берді

Павлодар облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасарын әдеп кеңесі жұмыстан шығаруға кеңес берді

Бұған дейін кеңесте басқарма басшысының орынбасары Мейірмановқа қатысты тәртіптік істі қараған еді. Ол кезде шенеунік тергеуді шатастырмақ болды деп айтылған болатын. Сонымен бірге дәл осындай әрекет жасаған Баширова туралы да сөз болды. Алайда оның жұмысын мемлекеттік қызметкер ретінде бірден қарай алмады. Бүгін сол мәселені қайта көтерді.

 

- Баширова бюджет ақшасының жымқырылуы туралы оқиғаны анықтамас бұрын Аяпбергеноваға анықталған шығынға қатысты тергеуді шатастыру кеңесін берген. Сонымен қатар жазадан құтылудың басқа жолын ұсынған, - деді баяндамашы.

 

Тәртіптік кеңесте хабарлағандай жиындардың бірінде жедел мамандар жасырын жазба жүргізген. Сол бойынша Башированың кейбір сөздері тергеуді шатастыруға бағытталған деген шешімге келді. Аудиода ешқандай нақты сөз жоқ сол себепті қылмыстық қудалауды тоқтатты.

 

- Мен ол жерге кіргенде тіпті сөз не туралы болғанын білмедім, сол себепті ешқандай жаман ниетім болған жоқ. Жиынды ұйымдастырған мен емес екенімді тағы да қайталап айтамын. Модератор ол басшы болды. Сәйкесінше басшы жиынның жоспары бойынша сұрақтар қояды. Біз соған жауап береміз. Қазіргі уақытта мен өз құқығымды пайдаланып филологиялық сараптама тағайындау мәселесін көтеремін, - дедіПавлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының орынбасары Гүлзира Баширова. 

 

 

 Басқарма басшысының орынбасары Мейірмановты мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін дәл сондай әрекет үшін жұмыстан шығарғаны белгілі. Ал бұл жолы да тәртіптік кеңес Башированы лауазымынан айыруды ұсынды. Шешім бірауыздан қабылданбады. Үш адам қарсы болса, сегізі қолдады.