• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы су құбырларындағы апаттар бойынша елімізде көшбасшылардың қатарында

Павлодар облысы су құбырларындағы апаттар бойынша елімізде көшбасшылардың қатарында

Елімізде су құбырларындағы апаттар ең көп Алматы, одан кейін Павлодар облысында орын алып тұрады екен. Аталмыш мәліметтерді, ұлттық статистика бюросы жария етті. Мысалы, өткен жылы өңірімізде су жүйесінің істен шығуы бойынша 252 жағдай тіркелген. Салыстыратын болсақ, Түркістан облысында бар жоғы 3, ал Ақтөбе өңірі мен Шымкентте 7 коммуналдық апат болған. Сондықтан павлодарлықтар үшін бұр көрсеткіштер еш таң қаларлық емес. Тұрғындар құбыр жөндеулері мен су жоқтығы әдетке айналған дейді.   Коммуналдық апаттарға қарамастан су құбыры жүйесінің тармағы жыл сайын кеңейтілуде. Соңғы бес жылда өсім 25,4% құраған.