• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы тұрғындары өз балаларына шамамен 12 миллиард теңге алимент қарыз

Павлодар облысы тұрғындары өз балаларына шамамен 12 миллиард теңге алимент қарыз

 

 

Жеке сот орындаушылары палатасында осындай цифрды жариялады. Бір жылда 4 миллиард теңгеден астам өндіру мүмкін болған. Сонымен қатар банктер мен мемлекет алдында қарызға батқандар да жетіп артылады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодар облысы тұрғындарының қарызы жеткілікті болып шықты. Салық бойынша жалпы сома шамамен 300 миллион. Әсіресе банктер мен микроқаржы ұйымдарын айта кеткен жөн. Банктерге 7 миллиард теңгеден астам, ал микронесие бойынша шамамен 23 миллиард қарызды адамдар төлемеген. Жеке сот орындаушылары барлық көрсеткіштер бойынша бір жылда тек борыштың біраз бөлігін ғана өндіріп алған. Енді ЖСО өзгерістер күтіп тұр. Енді атқару парақтарын мамандар арасында электронды түрде және тең бөледі. Бұған дейін осы үшін үнемі дау болған еді.

 

-Бәсекелестік мөлдір болуы үшін құжаттарды заң жүзінде қабылдау керек. Сол кезде екінші деңгейлі банктер мен миркоқаржы ұйымдары өзі мүдделі қызметкерлерді ғана алмайды. Әйтпесе олар өздеріне жақын жеке сот орындаушылармен ғана жұмыс істеп жүрген. Енді олай болмайды, - дейді Павлодар облысы жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары Асланбек Цечоев.

 

Бұл жерде мәселе ақшада. Мәселен қандай да бір микроқаржы ұйымы істі жеке сот орындаушысына тікелей беріп, кейін оның комиссиясынан ақша талап етеді. Ал электронды бөлу әзірге толық қабылданбады. Айта кету керек, 2025 жылы алимент төлемеушілерден 15 көлік пен осыншама жылжымайтын мүлік тәркілеген. 23 борышкердің бостандығын шектеп, біреуін жарты жылға қамауға алған.

Фото: Freepik.com