• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы тұрғындары биыл 350 миллион теңгеге жуық айыппұл қарыз болып қалған

Павлодар облысы тұрғындары биыл 350 миллион теңгеге жуық айыппұл қарыз болып қалған

 

 

Павлодарда кибер шерифпен күнделікті жүреді. Ондағы компьютердің мәліметтер базасына барлық айыппұлдар туралы ақпаратты жүктейді. Егер көлік қала көшелерінде тәртіп сақшыларының камерасына түсіп қалса, шара қолданады.

 

-Арнайы көлікпен жүріп келе жатқанда барлық мемлекеттік нөмірлер оқылып, көзге түскен машина туралы барлық ақпарат шығады. Мәселен ол іздеуде болса немесе айыппұл, алимент төлемеген болса немесе мемлекеттік кірістер департаменті іздесе, біз бірден сол автомобильді тоқтатып мәліметтер базасы бойынша тексереміз. Егер базада тыйым салу аталмыш көлік айып тұрағына қойылады,-деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Әсет Темірғали.

 

Полицейлер тек сома тым үлкен болған кезде ғана айып тұрағына жөнелтеді. Тізімде 30 шақты әкімшілік хаттама толтырылған, 700-800 мың теңгелік қарызбен жүргендер бар екен. Тәртіп сақшылары төлеуден жалтарудың соңы жақсы аяқталмайтынын айтады.

 

-Егер айыппұлды уақытында төлемесе тұлға көлікке байланысты тіркеу әрекеттерін жасай алмайды. Жүргізуші куәлігін ауыстыруға немесе алуға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметке тұра алмайды. Мүлкіне тыйым салынады. ҚР аумағынан шығуға тыйым салынады,-деді Павлодар облысы ПД әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы Салтанат Нұрбаева.

 

Павлодар облысының тұрғындары 2022 жыл үшін 350 миллион теңгедей қарыз болып қалған. Егер құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір апта ішінде айыппұлды төлесең, төлемге 50% жеңілдік жасалатынын еске салады.