• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы тұрғыны адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Павлодар облысы тұрғыны адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

2021 жылдың 15-мамырда сағат 22.30-да "Омбы-Майқапшағай" автожолында "ВАЗ 2108" автокөлігінің жүргізушісі 51 жастағы жаяуды қағып, ол оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жүргізуші қашып кеткен.


- Дереу "Тосқауыл" жоспары енгізілді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады. Ол Павлодар ауданы ауылының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Куәландыру жүргізушінің орташа дәрежеде мас күйде болғанын көрсетті, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.


Полиция аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.


Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Барлық жол-көлік оқиғалары бойынша тексерулер жүргізілуде.