• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті дауыл зардаптары туралы айтты

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті дауыл зардаптары туралы айтты

Желдің жылдамдығы секундына 20 метрді құраған. Нәтижесінде Ақтоғай, Ертіс аудандарында бірнеше ғимаратқа зақым келді. Құмды боранды түсіріп алғандар оны әлеуметтік желіге жариялап үлгерді. ТЖД дауыл туралы алдын ала хабарландыру болғанын мәлімдеді.

 

- Төрт мектептің шатыры ұшып кетті. Оның үшеуі Ертіс ауданында. Біреуі Ақтоғай ауданында орналасқан. Павлодар Нұр-Сұлтан бағытындағы жолда Қалқаман ауылының жанында автожанармай құю станциясының қаңылтыры ұшып кетті, - деді Павлодар облысы ТЖД басқарма басшысы Асқарбек Омаров.

 

 

Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Дауылды ауа райы тағы да екі-үш күн сақталады деп хабарлады ТЖД. Жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін.