• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына жұмыстан кетуді ұсынды

Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына жұмыстан кетуді ұсынды

Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына қатысты үкімді әріптестерінің көзінше оқыған еді. Оны және кәсіпкерді бас бостандығынан айырды. Нәтижесінде тәртіптік кеңесте дәл осы ведомствадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесін ортаға салды. Басқарма басшысына жұмыстан кетуге ұсыныс жасады. Алайда бұған Альмира Дюсипова ештеме жауап бере алмады, тек бұл лауазымда 2020 жылдың сәуірінен отырғанын айтты. Айта кету керек, тәртіптік кеңес мүшелері отырыста қол астындағы қызметкерімен дөрекі сөйлескен Екібастұз әкімінің орынбасары Қадырбаеваға және Жасыбайда демалып жатқан адамның көптігі туралы бейнежазба астына комментарий қалдырған адамға дөрекі жауап берген Баянауыл ауданы мәдениет бөлімінің басшысы сонымен бірге қарды бейнеге түсірген тұрғынды кешірім сұрауға мәжбүрлеген Құмдыкөл ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын шешу туралы ұсынысты қабылдамады.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы