• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы «сары аймаққа» өтуіне байланысты карантин шаралары жеңілдетілді

Павлодар облысы «сары аймаққа» өтуіне байланысты карантин шаралары жеңілдетілді

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша Павлодар облысындағы эпиджағдай тұрақты. Аурухана кеуеттері босауда. Желтоқсанның 20-на қарай облыстық ауруханадағы ковидтік бөлімшені толық жауып, үйреншікті тәртіпке көшпек. Дәрігерлер жаңа жылды отбасы, ошақ қасында қарсы алуға кеңес береді.

- Естеріңізде болса өткен жылы жаңа жылдық мерекелерден соң біз қаңтар айының соңында індедеттің күрт артқанын байқадық. Содан кейін біраз жұқтырғандар саны төмендеді. Кейін сәуір айының соңында қайта көтерілді. Жаңа жылдық кештер мен мерекелерден соң тағы да жұқтырғандар саны арта ма деген қауіп бар, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.

Ал аймағымыздың бас санитаалық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Бұл жолы карантин талаптары жеңілдетілді. Бұл ретте облыс аралық және қалааралық жолаушылар тасымалы қайта іске қосылды. Мәдениет нысандарында 30 адамға дейін дайындала алады. Ал спорттық шараларға көрермендер қатыса алады. Тек жалпы саннан 15% көп болмауы шарт. Мерекелерге келер болсақ, бір ғимаратта көп дегенде 70 адам жиналуға болады. Бұл ретте зал 50% артық толмауы тиіс. Уақыт бойынша шектеу жоқ. Жаңа жылдық кештерге тек “Ashyq” жобасымен және жасыл статусы барлар ғана кіре алады.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы