• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты жаңа қаулы күшіне енді

Павлодар облысы «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты жаңа қаулы күшіне енді

«Қызыл» аймақта болғандықтан эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес дейді бас санитарлық дәрігер. Соңғы екі аптада өсім екі есе артқан. Мамандар мұны жазғы демалыстардың басталуымен байланыстырады.

 

- Жазғы маусымда демалыс алатындар көп. Жасыл аймақта болғандықтан көбісі еркінсіп кетті. Сонымен қатар жаппай бұқаралық шаралар жиі өткізіле бастады. Әлеуметтік арақашықтық пен бетперде тәртібі көбінесе сақталмайды, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

 

Облыс бойынша Павлодар, Екібастұз қалалары, Шарбақты, Ертіс, Баянауыл аудандары қызыл аймақта болса қалғандары сары аймақта. Бүгіннен күшіне енетін қаулы бойынша жексенбі күндері мәдениет, сауда орындары мен жабық базарлар және бильярд, боулинг клубтары, балалар ойын  орталықтарының жұмысына тыйым салынады. Ал «ASHYQ» қосымшасы жоқ тамақтану орындары кешкі сегізде жабылуы тиіс.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы