• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы ішкі аудит қызметінің басшысы бұрын сотталған болып шықты

Павлодар облысы ішкі аудит қызметінің басшысы бұрын сотталған болып шықты

Онда көрсетілгендей әйел мемлекеттік медициналық орталықта бухгалтер болып істеген. Оны 25 миллион теңге сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша алаяқтық жасады деп айыптаған. Біздің аймақтың қызметкерлер құрамын басқару қызметінде сотталғандығы туралы білеміз деді.

 

- Қасымбаева Айгүл Зейнуллақызы 2020 жылдың 20 қазанындағы заңға сәйкес өткізілген конкурс нәтижесінде Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі басшысы лауазымына тағайындалды. ҚР заңының «Мемлекеттік қызмет туралы» бабына сәйкес мемлекеттік қызметке кірер уақытта сотталғандығы бар немесе ол өтелмеген болса немесе заң бойынша алып тасталмаған болса ол мемлекеттік қызметке орналаса алмайды, - дейді телефон арқылы Павлодар облысы әкімдігінің қызметкерлер құрамын басқару бірыңғай қызметінің басшысы Наталья Нефекова.

 

Павлодар облысы әкімдігінде шенеунік жазасын өтеді, 2017 жылы арнайы тексерістің оң нәтижелерінен соң әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш рет тағайындалды деп түсіндірді. Сол себепті оның жұмыс істеуіне тыйым салуға заңды негіз жоқ екен. Айта кету керек, Семей сотының үкімімен оған екі жыл шартты мерзім тағайындаған.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы