• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы қалаларында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Павлодар облысы қалаларында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

- Жеміс-көкөністер нарықтағы бағадан 15-20% төмен болады. Сиыр еті - 1300-1700 теңге/кг, қой еті - 1700-1900 теңге/кг, жылқы еті - 1800-2000 теңге/кг сатылады. Жұмыртқа - ондыққа 250 теңге, шикі сүт - литріне 130 теңгеден сатылады, - деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

 

Сонымен қатар, картоп пен сәбіз 70 теңгеден саудаланады. Павлодар қаласындағы жәрмеңке осы сенбі күні сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін бұрынғы орны Естай көшесінің бойында өтеді.