• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы әкімінің онлайн есеп беруі «Ирбис» телекомпаниясынан тікелей таратылады

Павлодар облысы әкімінің онлайн есеп беруі «Ирбис» телекомпаниясынан тікелей таратылады

Әбілқайыр Сқақов ақпанның 18-і мен 19-ы күндері онлайн қабылдау өткізеді. Бұл ретте, сауалдарды жіберу тетіктері ойластырылған.

 

- Жазбаша жолдауларыңызды  Ак.Сәтбаев көшесіндегі облыстық әкімдік ғимаратының 1-ші қабатындағы «Open Akimat» кеңсесіне ұсынуға болады. Бұдан бөлек, 8-702-166-166-1 нөмірі бойынша WhattsApp және «pavlodar_region” атты инстаграм, фэйсбук, телеграмм бойынша өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар, - деді Павлодар облысы әкімі аппаратының бөлім басшысыНаталья Нефедова.

 

Сонымен қатар келесі телефондарға хабарласуға болады: 65-10-50, 65-10-46 және 66-39-25. Павлодарлық көрермендер сауалдарын біздің редакция арқылы да жолдай алады. Телефонымыз: 55-99-99. Ал ақпанның 19-ы күні өтетін облыс әкімінің халық алдындағы есеп беру онлайн кездесуі «Ирбис» арнасынан көрсетілмек. Басталуы сағат 11:00-де.