• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы әкімінің орынбасары жұмыстан кетуі мүмкін

Павлодар облысы әкімінің орынбасары жұмыстан кетуі мүмкін

Бұл мәдениет басқармасының басшысы Самал Бегалиноваға қатысты шығарылған сот үкіміне байланысты болуы ықтимал.

 

Әбілқайыр Сқақов жуықта ғана Екібастұз әкімінің қызметінен кету туралы өтінішін қанағаттандырды. Естеріңізге сала кетейік оның орынбасарын пара алғаны үшін соттаған еді. Бұрынғы әкім орынбасарын темір тордың ар жағына қамады, ал Ардақ Қаңтарбаевтың «Мемлекеттік қызмет» туралы заң аясында өтініш жазудан басқа амалы қалмаған. Сондай-ақ шілде айында тағы да бір басшы істі болған еді.

 

- Мәдениет басқармасының басшысы Самал Бегалиноваға келетін болсақ, біз шара қолдану туралы ұсыным хат жібердік. Мұнда әлеуметтік салаға Айзада Құрманова жауапты. Сәйкесінше ол да осы тәртіппен өтініш жазуы керек. Дегемен соңғы шешімді облыс әкімі шығарады, - дейді Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері бойынша ҚР Агенттігі департаменті басшысының м.а. Бауыржан Қайрақбаев.

 

Екібастұз әкімнің қол астындағы қызметкердің жемқорлығы үшін жұмыстан кетуі - жыл басынан бері өңірімізде тіркелген бір ғана жағдай. Жалпы облыс бойынша 4 мыңнан астам шененунік бар. Ал 280-ге жуық орын бос тұр.

 

Фото parlam.kz-тен алынған