Павлодар облысына 14 мың доза қытай вакцинасы жеткізілді

Қазіргі таңда өңірімізде төрт түрлі вакцина бар. Ресейлік Спутник V, отандық QazVac пен арабияда шыққан Hayat Vax және қытайлық CoronaVac. Соңғысы бойынша айтатын болсақ, оны 35 адам алып үлгерген. 

 

- Бізде 751012 адам бар. Бірінші компонентті тұрғындардың 12,9 проценті, екінші компонентін 7,7 проценті алды. 18 жастан асқан облыс халқының жалпы санының 16,5 проценті вакцинаның 1 компонентін, ал 9,9 проценті дәрінің екі бірдей компонентін алып үлгерген, - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Мукушева.

 

 

Бастапқы кезеңмен салыстырғанда екпе салдыруды жөн көретіндер саны артқан. Дегенмен де әлі екі ойлы боп жүргендер де жетерлік. Денсаулық сақтау басқармасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін тұрғындардың 60% екпе алуы тиіс деп мәлімдеді. Тек осылай ғана біз карантиндік шараларды алып тастай аламыз дейді.