Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар облысына америкалық Pfizer вакцинасы бір-екі күнде жеткізіледі

Қоғам

117
Денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай бастапқы доза тек жүктілер мен 12 жастан асқан балаларға арналған.

Медиктер қазіргі таңда 130 жүкті әйел мен 379 баланың ата-анасы америкалық екпені алуға келісімін бергенін хабарлады. Ал ересектер «Pfizer”-ді тіпті ақылы түрде де ала алмайды.
- Қазіргі таңда  «Pfizer”-ді ақылы алу мүмкін емес. Әзірге тек тегін доза жеткізіледі деп күтілуде. Медициналық ұйымдар екпе алуға ақпараттық келісімді жинауда. Тілек білдірген де, әрине, бар, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Буратаева.  
Сонымен қатар аймағымызда бас санитарлық дәрігердің сауда-көңіл көтеру орталықтары, дәмхана, театр, кинотеатр, концерт залдарына тек қана жасыл статусы бар адамдар ғана кіре алады деген қаулысы өз күшін жойды. Бұған дейін аталмыш шектеу қарашаның он екісіне дейін делінген еді.
 
Авторы: Бибінұр Хамитқызы.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()