• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысына екі мыңнан астам жас шырша жеткізілген

Павлодар облысына екі мыңнан астам жас шырша жеткізілген

Шыршаларды көрші Ресей елінен әкелген. Жергілікті жасыл желек сатылмайды. Әзірге төрт кәсіпкер ғана бұл ағаштарды саудалауға рұқсат алған. Жаңа жыл символының бағасы төрт мыңнан басталады, неғұрлым үлкен болған сайын қымбаттайды. Сауда жасау үшін инспекциядан рұқсат құжатын алу керек. Әйтпесе айыппұл салады.

- Егер рұқсатсыз сатса, шығын 100 АЕК төмен болса, бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 381-бап бойынша 50-ден 150 АЕК дейін айыппұл салынады және заңсыз кесілген ағаш бірден тәркіленеді, - дейді Павлодар ОАИ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі бөлімінің басшысы м.а. Шамиль Елубаев.

Инспекция мамандары Павлодардағы сауда орындары өзгермеуі мүмкін деп айтты. Алдағы уақытта тәртіп сақшыларымен бірге қала көшелерін аралауға шығады. Бұл ретте шыршаны кесу және сату рұқсат қағаздары тексеріледі.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы