• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысына жалпы 168 800 доза тұмауға қарсы вакцина бөлінген

Павлодар облысына жалпы 168 800 доза тұмауға қарсы вакцина бөлінген

Аймақ тұрғындарының кем дегенде он пайызы тұмауға қарсы екпе алуы тиіс. Ресейлік «Гриппол» препаратының 71 526 дозасы қазірдің өзінде бар. 

 

- Біз тізім құрастырып, емханаларға шақыратын боламыз. Тегін салынатын адамдар бар. Ал тәуекел тобына кірмейтін, бірақ тұмауға қарсы екпе алғысы келетін жандар емханалардың ақылы қызметіне жүгінуге құқылы, - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.  

 

 

Сонымен қатар денсаулық сақтау басқармасында коронавируспен ауырған немесе оған қарсы екпе алған жандар 2-3 ай тұмауға қарсы вакцина салдырмағаны жөн деп мәлімдеді. Тұмауға қарсы вакцина медициналық қызметкерлерге, балалар мен қарттар үйінде тұрушыларға, диспансерлік есептегілерге, 18 жасқа толмағандарға, созылмалы сырқаттары бар адамдарға және І, ІІІ триместрдегі аяғы ауыр әйелдерге тегін салынады.

 

Автор: Бибінұр Хамитқызы