• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысына жұмыс сапарымен ішкі істер министрі келді  

Павлодар облысына жұмыс сапарымен ішкі істер министрі келді  

 

Марат Ахметжанов полиция департаментінің күрделі жөндеуден өткен автокөлік шаруашылығымен танысты. Сонымен қатар еліміздің бас тәртіп сақшысы халыққа сапалы қызмет көрсететін полицияның сервистік моделі туралы айтты.

 

-Кілтін тапсырады. Жазып кетеді жанармай қанша керек. Машинаның қандай ақаулары бар. Жөндейтін қандай жері бар? Дөңгелегін ауыстыру керек пе? Олардан сұраныс болғасын оларға жағдай жасау. Полицияның жұмысы жеңіл болсын, халыққа тиімді болсын, халық сезсін осындай өзгерістер бар екенін, жылдам келіп тұрса, машинасы дұрыс болса. Сапалы қызмет жасау үшін жасалып отыр,-деді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

 

Сонымен қатар облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовпен кездесуде ішкі істер министр полицияның аймағымызда бастау алған сервистік моделі жобасы туралы айтты.Тәртіп сақшысы халық үшін үнемі қол жетімді, сенімді болуы тиіс. Бұл үшін барлық жағдай жасалуда.

 

-Үш жыл ішінде 105 автокөлік сатып алынды. Бұрын үш жыл бұрын полиция қызметкерлері 65 пайыз ғана көлікпен қамтамасыз етілген болса, қазір 98 пайыз көлікпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Келесі жылы тағы қосымша 20 көлік сатып аламыз. Мобильдік полиция болуы тиіс,-деді аймақ басшысы.

 

Кездесу барысында министр аймағымызда ең көп тіркелетін қылмыс интернет алаяқтығы екенін айтты. Сонымен қатар есірткі бойынша көрсеткіш жоғары. Марат Ахметжанов тәртіп пен қауіпсіздік мәселесін шешуде жергілікті атқарушы орган мен қарапайым азаматтардың да көмегі қажеттігін атап өтті.