Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар облысындағы дәрігерлер арасында коронавирус жұқтырғандар саны азайған

Қоғам

105
Санитарлық дәрігерлер бұған вакцинациялау себеп болуы мүмкін дейді. Айта кетейік, өңіріміздегі эпиджағдай әлі күнге дейін тұрақсыз.

Павлодар облысы сәуірдің 26-нан қызыл аймақта. Дегенмен де соңғы күндері біршама төмендеу байқалады. Өткен  тәулікте 119 адамнан індет анықталған. Вакцинациялау да өзінің оң әсерін тигізіп жатыр дейді бас санитарлық дәрігер.

 

- Медицина мамандары арасында коронавирус жұқтыру деректері біршама азайды. Қаңтар, ақпан айында олар жиі ауыратын еді. Ақпанда ең бірінші болып олар екпе алған еді. Қазіргі таңда медицина мамандарының шамамен 80 проценті вакцинациялаудан өткен. Сол себепті олардың арасында індет жұқтырғандар саны айтарлықтай төмендеді, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев. 

 

Айта кетсек, жалпы Павлодар облысы бойынша коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін шамамен 62 мың, ал екінші компонентін 23 мыңнан астам адам салдырған. Әзірге карантин шараларын қатаңдату күтілмеуде. Барлығы эпиджағдайға байланысты.

 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()