Павлодар облысында өгей қызын зорлаған ауыл тұрғыны 23 жылға қамалды
Қыз бала 7 жыл бойы зорлық көріп келген. Тек 2024 жылы өзінің сынып жетекшісіне жүгінуді шешкен деп хабарлайды irbistv.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша алғаш рет 2017 жылы зорлаған. Ол кезде жапа шегушінің анасы екінші күйеуімен тұра бастаған. Ер адам 8 жастағы өгей қызын сол кезде зорлап бастаған. Бұл Шығыс Қазақстан облысында болған, кейін отбасы біздің өңірге көшіп келіпті. Мұнда да зорлау әрекеттері тоқтамаған. Тек 2024 жылдың күзінде қыз осының барлығын мұғаліміне айтып берген. Педагог оны гинекологқа апарып, бірден полицияға арызданған. Қылмыстық істі Павлодарда қарап, ер адамды кінәлі деп тапты.
-ҚК 58 бабы 4, 5 бөлімі негізінде қылмыстық құқықбұзушылықтарды қоса отырып, 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деп түсіндірді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Нұрлан Айтбаев.
44 жастағы ер адамды моральдық шығын ретінде 8 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Отбасында төрт бала бар. Екі бала бірінші күйеуінен, оның қатарында жапа шеккен қыз да бар. Сонымен қатар әйелдің осы күйеунмен тағы екі баласы бар.
Фото: Freepik.com