Павлодар облысында өгей әке қыздарын екі жыл бойы зорлап келген
Павлодар облысының тұрғыны төрт бірдей апалы-сіңлілерді зорлағаны үшін темір торға қамалды. Қаскөй жымысқы ойын 10 жыл бұрын жасаған, сол себептен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмады деп хабарлайды irbistv.kz. тілшісі.
Тергеу ақпаратына сәйкес өгей әке 2001, 2003, 2006 және 2010 жылғы апалы-сіңілілерді 2015 жылдан 2017 жыл аралығында зорлаған. Жымысқы ойын ол мас күйінде жасапты. Сот әр дерекке қатысты кінәнің толық дәлелденгенін ескеріп, үкім шығарды.
-2017 жылғы 11 шілдедегі редакциядағы Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», - деп хабарлайды Нұрлан Айтбаев, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы
Ер адам 2024 жылғы қараша айында ұсталған. Сол кезде ол екі қызға қатысты жасаған іске кінәсін мойындаған. Алайда, сотқа жеткенде бәрін жоққа шығара бастапты. Үкім жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарына және сараптама қорытындыларына сүйене отырып шығарылған.
Фото: Freepik.com