Павлодар облысында 205 оқушы мен 175 ұстаздан коронавирус анықталған
Қазіргі таңдағы эпиджағдай көңіл көншітерлік емес. Санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша білім беру мекемелеріндегі оқушы саны 600-ден асатын болса, 1-4 сынып аралығы оқуды штаттық режимде жалғастырса, 5-11 сынып аралығы жүктемеге сәйкес жұмыс жасайды. Ол 50 пайыздан аспауы қажет. Бүгінде мұндай мектептердің саны 53-ті құрайды.
- Павлодар қаласында 1-4 сыныптар бұл штаттық форматта, 6-8 сыныптар қашықтық форматында, 9-11 сыныптар шаттық форматта. Неге былай алынған? 9-11 сыныптар, сіздер білесіздер, қортынды аттестаттау келе жатыр, оған дайындалу керек, балалардың толық дайындалуы үшін осылай мектеп әкімішілігі шешіп отыр, - деп мәлімдеді Павлодар облысы білім беру басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Азанбаева.
Егерде оқушылардан індет ошағы анықталса, сынып толықтай қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады. Мәлімет бойынша қазіргі таңда 59 сынып карантинге жабылған. Сонымен қатар, 205 оқушы мен 175 ұстаздан коронавирус инфекциясы анықталған.