Павлодар облысында 65 мыңнан астам адам ревакцинация жасаған
Денсаулық сақтау басқармасында, сонымен қатар бас санитарлық дәрігер де бізде «Омикрон» штамы тіркелмегенін айтты. Дегенмен де ауырып жатқандардың көптігі оның айналымда жүргенін болжайды.
- Біз жіберген нәтижелер расталмады. Біз кейін талдауларды қайта жібердік. Әлі күнге дейін қорытындысы шықпады. Омикронды анықтау үшін бірнеше апта керек, - дейдіПавлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.
Дегенмен де қазіргі таңда адамдардың көбісі үйде ем алуда. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауруханаларда адам көп емес деді. Сонымен бірге індетті жұқтырған жағдайда ол жеңіл өту үшін екпе салуды жалғастыруда.