• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында 9 мыңнан астам зейнеткер халықаралық қарттар күніне орай әлеуметтік төлем алады

Павлодар облысында 9 мыңнан астам зейнеткер халықаралық қарттар күніне орай әлеуметтік төлем алады

 

 

 

Бұл ең төменгі зейнетақы немесе одан төмен алатындар мен 80 жастан жоғары тұлғаларға беріледі деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне сілтеме жасап.

 

Жыл сайын Павлодар қаласында тұратын және зейнетақысы ең төмен зейнерткерлерге бір реттік әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның мөлшері АЕК байланысты. Мәселен биыл ол 7 864 теңгені құрап отыр. Бұл сома биыл 9300 қарияға аударылмақ.

 

- Сонымен қатар жасы 80-ге жеткен және одан асқан қарттар ең төменгі зейнетақы мөлшері мен одан да аз сома алатын болса оларға 11 976 теңге көлемінде бір реттік төлем аударылады. Мұндай адамдар саны 68 адамды құрап отыр. Бір реттік төлем авттоматты түрде зейнеткердердің есепшотына түсетін болады,-деді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Елсүйер Балахаева.

 

Қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бір реттік төлем алуға құқылы адамдар тізімге енбей қалып, соманы алмаған жағдайда Кривенко 25-тегі мамандарға келуге кеңес береді.

Айта кету керек, қазіргі таңда Павлодар облысында жасы жүзден асқан 16 адам тұрады. Ең үлкені павлодарлық тұрғын Күлжамиля Ахметдьянова. Кейуана 113 жаста.

 

Фото: Freepik.com