• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында АИТВ-жұқпасының 4000-ға жуық жағдайы тіркелген

Павлодар облысында АИТВ-жұқпасының 4000-ға жуық жағдайы тіркелген

Жақында ғана ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу жөніндегі жаһандық қордың және қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығымен ынтымақтастығы аясында Павлодар ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының зертханасы жаңа, оңтүстік кореялық Вioneer Corporation компаниясы шығарған автоматты ПТР  жабдығымен жарақтандырылды. Енді ЖИТС орталығының зертханасы ұсынатын медициналық қызметтердің сапасын стандарттау АИТВ-мен ауыратын адамдарды емдеудің тиімділігі артып, олардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беру, жұқпаның өзге адамдарға берілу қаупін төмендету мүмкін болды дейді абзал жандар.

-Автоматтандыру әрқашанда еңбек жылдамдығын арттырады. Бұл жабдық арқасында біздің зертханалық зерттеу тез жүргізіледі. Әрі, анализдер өте нақты, ерекшеліктері дәлме-дәл көрсетіледі. Ағзадағы вирус мөлшері белгіленеді. Мысалы, науқас бүгін анализ тапсырса, оған ем алу курсын белгілеу жұмыстары енді әлдеқайда тезірек жасалады,-дейді Павлодар ЖИТС орталығының дәрігер-зертханашысы Әдия Тәжібаева.

Павлодарлық зертханашылар сандық ПТР зерттеулерді автоматтандыру қазіргі уақытта антиретровирустық терапия сапасына мониторинг жүргізе алады. Терапияны уақтында бастау ағзадағы иммун тапшылығы вирусының өсуін баяулатады, бұл АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, жұмыс қабілетін сақтауға, отбасы кұрып, бала сүюге мүмкіндік беріп, жыныстық серіктестеріне дертті жұқтыру қауіпін төмендетеді. Айту керек, Павлодар облысында ҚР азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 3782 жағдайы тіркелді, оның ішінде ҚР аумағынан тыс шығып кеткендер және қайтыс болғандар саны – 1524. ЖИТС-тың барлық жағдайлары – 613, оның ішінде қайтыс болғандар – 451.

 

Авторы:Дархан Бекишев