• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында алғашқы қатқақ қыркүйек айының соңында болады деп күтілуде

Павлодар облысында алғашқы қатқақ қыркүйек айының соңында болады деп күтілуде

Ол туралы синоптиктер айтты. Алдағы екі аптадаға түнгі ауа температурасы шамамен +7, ал күндіз +20-ға дейін болмақ.

 

Синоптиктердің айтуынша биылғы қыркүйек жаңбырлы болды. Жауын шашын нормадан асып түскен. Сонымен қатар күзде күн күркіреуін жалғастыруда. Жалпы ауа температурасы нормаға сай, орташа есеппен 11-13 градус жылы.

 

-Жақын күндері күндізгі уақытта күн күркіреп, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Түнде ауа температурасы 5-10, күндіз 15-20 градус жылы болады,-дейді «Қазгидромет» РМК павлодарлық филиалының метеоболжамдар бөлімінің басшысы Оксана Овсянникова.

 

Ал жауын-шашын алдағы аптаның ортасына дейін жалғасады. Кейін жер кепкенімен, күн шуағы ұзаққа созылмайды. Қыркүйек айының соңында алғашқы қатқақ күтілуде. Жалпы күз мерзгілі қалай өтетіні әзірге белгісіз. Қазан айында ауа температурасы қалыптағыдан бір градусқа жоғары болмақ.