• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында апаттық жағдайдағы мектептер орнына жаңалары салынады

Павлодар облысында апаттық жағдайдағы мектептер орнына жаңалары салынады

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өңір бюджетін 18,4 миллиард теңгеге арттыруды ұсынды. Оған қоса 30 милиион теңгелік республикалық транш та бар. Негізінен қаражаттың басым бөлігі білім беру саласына жұмсалмақ. Бұл ретте, көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе шешімін таппақ.

 

- Республикалық бюджет есебінен 2023 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының пегагогтері жалақысын 30 % арттыру және колледж студенттерінің шәкіртақысын 50% арттыру жоспарлануда,-деді Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук.

 

Сонымен қатар, бюджетті бекіту аясында қызу талқы да орын алды. Депутат Фуат Сатыбаев Железин ауданының балалар саны көп емес Моисеевка ауылында апаттық жағдайдағы мектеп орнына жаңасын салу қажеттілігінің маңыздылығына тоқталды. Мәселеге аймақ басшысы жауап қайтарды.

 

-Білім беру басқармасы ұсынған мәліметке сай, Қаражар және Сычевка ауылдарында да дәл сондай құрылыстар жоспарланған. Әрбіреуінде 700 миллионнан, бұл құрал-жабдықтарды есепке алмағанда. Сметаны кім құрастырған? Неліктен есептеулер тым үлкен? Неліктен бізге, облыстық мәслихат депутаттарына бұл демеушілік қаражаттарды қалай бөлінгені жөнінде ешқандай ақпарат берілмеген,-деп шағымданды облыс мәслихатының депутаты Фуат Сатыбаев.

 

-Жиырма бес бала оқыса да, мектеп болу керек. Ол жерде 25-тен 50 балаға қалай өседі мектеп болмаса? Ондай мәселе бар. Ал Фуат Сейдахметұлы айтып отырған мәліметтерді көрсету керек. Білім басқармасы мен құрылыс басқармасы. Көрсетсін құжаттарын,-деп жеткізді аймақ басшысы Асайын Байханов.

 

Еске сала кетейік, ERG меморандумы аясында Железин ауданының Моисеевка және Павлодар ауданының Сычевка ауылдарындағы апаттық мекемелердің орнына 100 орындық 2 жаңа мектеп салынбақ. Мәслихат депутаттары 2023 жылға дейінгі бюджетті нақтылаудағы өзгерістерді бекітті.