Павлодар облысында балалар арасындағы тұмау өршіп тұр

Дей тұра мамандар, өңірімізде шошқа тұмауы жоқ дейді. Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері аймақта 17 жағдай тіркелді, негізінен В типі екен. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда тұрғындар ЖРВИ-мен жиі ауыра бастаған. Мәлімет бойынша қазіргі уақытта 172 мыңнан адам сырқаттанған.

 

Осы маусымда өңірде ЖРВИ және тұмау жұқтырғандардың саны артқан. Әсіресе балалар. Өткен жылы үш айда 1100 нәресте емделсе, қазір 1300-ге жеткен. Жұқпалы аурулар ауруханасы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Күніне мұнда 90-ға жуық кішкентай пациент жүгінсе, оның үштен бірі ауруханаға жатқызылады.

 

- Сырқаттанғандар дене қызуын төмендету қиынға соғуда деп жүгінуде. Тіпті, дәрілер әсер етпейді дейді. Көбіне балалар әлсірейді, ас судан бас тартады. Кейбір балаларда бұл температура құрысуды тудырады,-деді Павлодар облыстық балалар ауруханасы директорының инфекциялық стационар жөніндегі орынбасары Зере Садакова.

 

Осы орайда мамандар суды көп ішу және денені дымқыл матамен жиі сүрту, парацетамол немесе ибупрофенмен дененің қызуын түсіру керектігін айтуда. Сондай-ақ, дәрігерлер бетперде киюді ұмытпау қажеттігін еске салуда, ең абзалы халық көп шоғырланған орындарға баланы апармау. Айта кетейік, коронавирус бойынша Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы аптада 38 жаңа жағдай тіркелді.