Павлодар облысында басқарма басшысы тағайындалды



Аймақта ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы ауысты деп хабарлайды irbistv.kz. тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі жариялады.

-Павлодар облысы әкімінің өкімімен ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Сейдуманов Әлнұр Серікұлы тағайындалды. Осы уақытқа дейін ол Астана қаласы ішкі саясат басқармасында, соның ішінде басқарма басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет еткен. Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінде түрлі лауазымдарда, оның ішінде ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Осы уақытқа дейін өңірдегі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметін Әзілхан Әбеуов атқарған еді.