Павлодар облысында биылғы шомылу маусымында 25 адам суға кеткен
Павлодар облысында суда қаза болғандар бойынша статистика әр демалыс сайын, әсіресе ыстық күндері жаңартылып отырады екен. ТЖД мамандары хабарлағандай, арнайы жабдықталмаған жағажайларда, немесе Ертіс өзенінің кез келген жерінде шомылу аса қауіпті. Себебі оның ағымын бағамдау қиын. Бүгінде суға кеткен екі адам іздестірілуде.
- Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол екі адамға қатысты. Ақу қаласының 2000 жылы туылған азаматы тамыздың 6 күні суға батып кетті деген хабарлама келіп түскен. Және Павлодарское ауылының маңында шомылуға бейімделмеген жерде 1991 жылғы азамат алдын ала деректер бойынша спирттік ішімдік ішіп суға батып кетті деген хабарлама түсіп сол бойынша іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Павлодар облысы ТЖД азматтық қорғау басқармасының аға офицері Теміржан Танжанов.
Шомылау маусымының аяқталуына бір айға жуық уақыт қалды. Осы орайда төтеншеліктер халықты барынша абай болуға шақыруда. Бұл ретте, өзге де мәселелер назардан тыс қалмады. Өрт қауіпсіздігі маусымындағы қадағалау және алдын алу жұмыстары айтылды.
- Шаруа қожалығы иелері болсын, жеке кәсіпкерлер болсын ең бастысы техникаларды басқаратын адамдармен нұсқаулық жүргізулері қажет. Және өрт сөндіру құралдары міндетті түрде, және осы техникада ұшқын сөндіргіш болуы тиіс, - деді Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының маманы Оразбек Уалиханов.
Айта кетейін, соңғы уақыттағы статистика көп өзгерген жоқ. 2020 жылмен салыстырғанда бірнеше есеге аз.
Авторы: Бекбол Мырзахан