• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында бірқатар азық-түлікті экспорттауға тыйым салынды

Павлодар облысында бірқатар азық-түлікті экспорттауға тыйым салынды

Сондай-ақ, бұл картоп пен сәбізге де шектеу 3 айға қойылып отыр. Көкөністерді белгіленген бағамен қаланың 32 әлеуметтік дүкендерінен сатып аулға болады. Ал егер бағаны негізсіз көтерген кәсіпкерлер табылатын болса, олар бірден жазаланады. Картоп пен сәбіз көкөніс сақтау қоймаларынан 95 теңгеден босатылады, ал бөлшектеп сатуда бағасы 1 келісі 115 теңгені құрайды. Әлеуметтік дүкендерге аталмыш көкөніс түрлері өтінімдер бойынша жеткізіледі. Күн сайын облыстың қоймаларынан 10 тонна картоп пен 5 тонна сәбіз жіберіледі.

- Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, меморандум арқылы жіберілетін картоп пен сәбіз қысқы және көктемгі маусымға толығымен жеткілікті. Павлодарлықтардың айтуынша, жергілікті билік тарапынан мұндай көмек түрі аса қажет. Және төтенше жағдай кезінде азық-түлік таусылып қалады деген алаңдаушылық болмаған, - дейді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің бас маманы Татьяна Нагула.

Естеріңізге сала кетейік, егер төтенше жағдайды пайдаланып тауар құнын негізсіз қымбаттатқан кәсіперлерді кездестірсеңіздер төмендегі телефон номерлері бойынша хабарласуға болады.

8 705 609 20 74 (ватсап)

8 747 506 15 94 (ватсап)

65 24 48

32 07 30