Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар облысында дәрігерлерге екпе салу паспорттарын қолдан жасаған деген күдік ауып отыр

Қоғам

22
Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірге Павлодар қаласындағы емханалардың бірінің жұмыскерлерін ұстады. Оларға вакцинация паспортын жасады деген күдік ауып отыр.

- Аталмыш емхананың меңгерушісі, жалпы тәжірибе дәрігері сонымен қатар 2 медбикесі мәліметтер базасында белгілі бір ақшаға екпе алғандар бойынша жалған мәліметтерді тіркеген. Медициналық қызметкерлер 200-ден астам жалған вакцинация паспортын жасағаны анықталды, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Аталмыш дерек бойынша «Жалған құжат жасау немесе сату» деген бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Енді оларға 11 668 000 теңгеге дейін айыппұл төлеу немесе мың сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылу немесе 4 жылға дейін бостандығын шектеу қаупі төніп тұр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.  

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()