Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

 

 

Синоптиктер 4 сәуір күні жел күшейіп, дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

4 сәуірде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі.

 

-Облыс бойынша оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ал Павлодар қаласында 4 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді,-деп мәлім етті облыстық ТЖД.

 

Фото: Freepik.com