• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында Дельта-штаммның алғашқы жағдайлары тіркелді

Павлодар облысында Дельта-штаммның алғашқы жағдайлары тіркелді

Тек соңғы тәулікте індетті жұқтырған 65 адам тіркелген. Бұдан бөлек облысымыздың бас санитарлық дәрігері қауіпті Дельта-штаммы біздің аймағымызға да келгенін айтты. Бүгінде 10 адамның сараптама нәтижесі расталған.

 

- Қазіргі таңда Павлодар облысында 14 пробаны біз ПЦР скринингке жібердік. Оның ішінде 10 проба Дельта штаммға оң нәтижесін берді, - дейді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Алғашқы Дельта-штамм жағдайы өңірімізде маусымның соңында анықталған. Барлығы Павлодар облысының тұрғыны. Әзірге ауруды нақты қайдан жұқтырғаны белгісіз.