Павлодар облысында дәрі-дәрмектер қаншаға қымбаттады?
Мысалы Павлодар өңірінде дәрі құны 7%-ға өскен. Дегенмен облысымыз дәрмектердің сатып алу бойынша елімізде көшбасшы аймақтардың үштігінде. Орташа алғанда Павлодар өңірінің жанұясы дәріге бір жыл ішінде 55 мың теңгеге жуық қаражат жұмсаған екен. Тұрғындар болса, медициналық сақтандыру жүйесі емге қол жеткізу деңгейін сынға алды.
- Бергендері жетпей қалады, аздап қана береді. Бір айға жетпейді. Ақшаға сатып аламыз, енді қайтеміз, - деді павлодар тұрғыны.
Дегенмен фармацевтикалық өнімдерге деген сұраныс төмендейтін емес. Сол себепті елімізде дәрі-дәрмек шығару көрсеткіші бір жыл ішінде 9%-ға артқан. Ал Қазақстанға импорт арқылы келетін дәрілердің көлемі 25%-ға өскен екен. Тұтынушылар көбінесе Ресей мен Қытай елдерінің өнімдеріне сенім артуда.

