Павлодар облысында екпені қалаған адам салдыра алады

Айта кету керек, Павлодар облысына бұрын жоспарланған сексен мың дозаның орнына 92 мың  доза жеткізілмек. Ал бас санитарлық дәрігер жасыл аймақта болсақ та әзірге шектеу шараларын жеңілдету жоспары жоқ деді. 

 

- Біз үшінші күн қатарынан жасыл аймақтамыз. Алайда бұл карантин шараларын жеңілдету керек дегенді білдірмейді. Біз осы жасыл аймақта тұрақтап қалуымыз керек. Бұл үшін бір апта бойы эпиджағайды бақылауға тиіспіз, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

 

Бас санитарлық дәрігер мерекелік демалыс күндері ерекше сақтық шараларын ұстанып, былтырғы көріністі қайталамауға шақырды. Ал дәрігерлер індет жұқтырғандар саны азайып келе жатқанын мәлімдеді. Дегенмен де жансақтау бөлімінде егде жастағы жиырмадан астам адам жатыр.